Өзбекстандық Азия чемпионы допингпен ұсталды

Сарапшы, спорт журналисі

Өзбекстан намысын қорғайтын самбошы, 2025 жылғы Азия және Океания чемпионы Хакимжон Исмоилов допинг дауына ілікті.

Өзбекстандық Азия чемпионы допингпен ұсталды
instagram/@xakimjon.ismoilov

Оқиға қалай анықталды?

Халықаралық тестілеу агенттігі (ITA) — Самбо халықаралық федерациясының (FIAS) тәуелсіз антидопинг бағдарламасын жүргізетін ұйым — Исмоиловтың сынамасынан кломифен табылғанын мәлімдеді.

  • Сынама алынған күн: 2025 жылғы 14 сәуір
  • Өткізілген жарыс: самбодан жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы Азия чемпионаты
  • Табылған зат: кломифен

Кломифен деген не және неге тыйым салынған?

Кломифен Дүниежүзілік допингке қарсы агенттіктің (WADA) тыйым салынған заттар тізімінде S4.2 (антиэстрогендік заттар) санатына жатады.

Бұл препарат жарыс кезінде де, жарыстан тыс уақытта да толық тыйым салынған. Кей спортшылар тарапынан табиғи тестостерон бөлінуін күшейту және қалпына келуді жеделдету үшін қолданылуы мүмкін.

Ақпаратта Исмоиловтың антидопинг ережесін бұзғанын дауламағаны және ұсынылған санкциямен келісіп, істің келісім тәртібімен жабылғаны айтылады.

Дисквалификация мерзімі

Шеттетілу мерзімі: 2025 жылғы 14 желтоқсаннан 2027 жылғы 13 желтоқсанға дейін

Сонымен бірге спортшының 2025 жылғы 14 сәуір мен 2025 жылғы 13 желтоқсан аралығында көрсеткен барлық жеке нәтижелері жойылады. Бұл тізімге:

  • Азия чемпионаттарындағы (жасөспірімдер, жастар, ересектер) көрсеткіштері,
  • медальдар, ұпайлар және сыйақылар түгелдей кіреді.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір