"Үрлемей сөйлеші!" Еркебұлан Тоқтар "Gold"-тың орнына жаңа қарсылас тапты

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық ММА жауынгері Еркебұлан Тоқтар сотталған өзбекстандық файтер Шахзод Узоковқа қатысты пікір айтып, енді оның бауырымен төбелесуге дайын екенін мәлімдеді.

"Үрлемей сөйлеші!" Еркебұлан Тоқтар "Gold"-тың орнына жаңа қарсылас тапты
instagram/@erkebulan_toktar

Еркебұлан Тоқтар не деді?

Қазақстандық спортшы Шахзод Узоковтың 3,5 жылға сотталғанын айтып, енді онымен жақын арада жекпе-жек өткізу мүмкін еместігін меңзеді. Осыған байланысты ол Узоковтың інісімен кездесуге қарсы емес екенін жеткізді.

“Достар, “Голд” 3,5 жылға қамалды. Енді тек сол мерзім өткен соң ғана шығады. Оның бауыры бар екен, ең болмаса сонымен төбелесермін, сұраймын. Өйткені мен 70 келіге дейін салмақ қумаймын, осындай ірі жігіттермен жұдырықтасқым келеді”, — деді Тоқтар.

Тоқтар мен “Голд” арасындағы текетірес қалай басталған?

Шахзод Узоков Қазақстанда дәл осы Еркебұлан Тоқтармен әлеуметтік желідегі текетіресі арқылы кеңінен таныла бастады.

2025 жылдың желтоқсанында Тоқтар Ташкентте жекпе-жек өткізген кезде, Шахзод “Голд” Узоков қазақстандық файтерге ашық түрде қарсылас болуға ұсыныс тастаған. Сол сәтте екеуі ринг үстінде көз арбасу сәтін ұйымдастырып, жанкүйерлердің назарын аударған еді.

Кейін қос спортшының жекпе-жек өткізу туралы келісімшартқа қол қойғаны да хабарланған.

Шахзод “Голд” Узоковқа қандай үкім шықты?

2026 жылғы 19 наурызда Өзбекстан бұқаралық ақпарат құралдары Шахзод “Голд” Узоковқа қатысты сот үкімі шыққанын хабарлады. Мәліметке сәйкес, ол 3 жыл 13 күн мерзімге бас бостандығынан айырылған. Осылайша Тоқтар мен Узоков арасындағы ықтимал жекпе-жек әзірге кейінге шегерілгендей көрінеді.