АЧ-2026 финалы: Қазақстандық боксшылар қашан рингке шығады?
Бақыт Сейдіш, Надежда Рябец және Дина Исламбекова алтын үшін таласады.
Бүгін, 9 сәуір күні, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты-2026 турнирінде әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді. Қазақстан құрамасының үш боксшысы алтын медаль үшін рингке шығады.
Үш финал — үш мүмкіндік
Қазақстан әйелдер құрамасынан финалға шыққан спортшылар:
- Бақыт Сейдіш (70 кг)
- Надежда Рябец (80 кг)
- Дина Исламбекова (+80 кг)
Бұл үш боксшы ел қоржынына алтын жүлде әкелуге басты үміткерлердің қатарында.
Барлық финалдар Астана уақытымен 10:00-де басталады:
11:30
- Бақыт Сейдіш — Арундхати Чаудхари (Үндістан)
12:00
- Надежда Рябец — Рухшона Парпиева (Өзбекстан)
12:15
- Дина Исламбекова — Альфия Патхан (Үндістан)
Жанкүйерлер финалдық жекпе-жектерді "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады:
Қазақстан әйелдер құрамасы
Айта кетейік, Қазақстан бұл турнирге әйелдер құрамасынан 10 боксшы апарған:
- Әйгерім Сәттібаева (48 кг)
- Жазира Орақбаева (51 кг)
- Элина Базарова (54 кг)
- Ұлжан Сәрсенбек (57 кг)
- Римма Волосенко (60 кг)
- Лаура Есенгелді (65 кг)
- Бақыт Сейдіш (70 кг)
- Валентина Хальзова (75 кг)
- Надежда Рябец (80 кг)
- Дина Исламбекова (+80 кг)
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.