Азия чемпионатында алғашқы "алтын" сарапқа салынды

Сарапшы, спорт журналисі

Үндістан боксшысы алғашқы чемпион атанды, Қазақстан шешуші жекпе-жектерге дайындалып жатыр. 

Азия чемпионатында алғашқы "алтын" сарапқа салынды
sport.orda.kz

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты-2026 турнирінде алғашқы алтын медаль иегері анықталды.

Алғашқы чемпион — Үндістан өкілі

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде әйелдер арасында финал өтті. Алтын медаль үшін Минакши (Үндістан) мен Номундари Энх-Амгалан (Моңғолия) арасында жекпе-жек өтті.

Нәтижесінде Минакши төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті. 

Айта кетейік, финалда жеңілген моңғолиялық Номундари Энх-Амгалан жартылай финалда Қазақстан боксшысы Әйгерім Сәттібаеваны 5:0 есебімен жеңген болатын.

Қазақстандықтардың финалдық айқастары алда

Қазақстан құрамасы бұл турнирде бірнеше финалға жолдама алды:

  • Әйелдер арасында — 3 боксшы алтын үшін жұдырықтасады
  • Ерлер арасында — 5 боксшы 10 сәуір күні финалға шығады.