Бақыт Сейдіш – Азия чемпионатының күміс жүлдегері (ВИДЕО)
Жекпе-жектен кейін сұхбат берген отандасымыз рингте барын салғанын жеткізді.
inform.kz
Қазақстандық боксшы (70 келі) құрлықтық доданың финалында Үндістан өкілі Арундхати Чоудхаримен қолғап түйістірді. Нәтижесінде, 4:1 есебімен қарсылас жеңіске жетті.
Айта кетейік, бұл 20 жастағы Бақыт Сейдіштің ересектер арасындағы алғашқы Азия чемпионаты.
Еске салсақ, бүгін, 9 сәуір күні, Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионаты-2026 турнирінде әйелдер арасында тағы екі қазақстандық боксшының қатысуымен финалдық жекпе-жектер өтеді.
- Надежда Рябец (80 кг)
- Дина Исламбекова (+80 кг)
Жанкүйерлер финалдық жекпе-жектерді "Qazsport" телеарнасынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet