Қазақстандық боксшы Германияда жекпе-жек өткізеді

Сарапшы, спорт журналисі

Орта салмақта бокстасатын отандасымыз Әли Ахмедовтің экс-қарсыласымен жұдырықтасады. 

Қазақстандық боксшы Германияда жекпе-жек өткізеді
Sports24.kz

Жеңіліс көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Виктор Темиров (10-0, 7 КО) келесі жекпе-жегінің күнін ресми түрде анықтады.

Жекпе-жек қайда және қашан өтеді?

BoxRec дерегіне сәйкес, Темиров 1 мамыр күні Германияның Гамбург қаласында шаршы алаңға шығады. Оның қарсыласы – венесуэлалық тәжірибелі боксшы Карлос Риверо (32-12-1, 21 КО).

Орта салмақта өтетін бұл кездесу алты раундқа жоспарланған.

Бұл Виктор Темиров үшін ақпан айынан кейінгі алғашқы кездесу болмақ. Соңғы рет ол неміс боксшысы Доменик Арнольдты (5-1, 2 КО) техникалық нокаутпен жеңіп, WBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағын жеңіп алған еді.

Қарсылас туралы мәлімет

Карлос Риверо қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Ол 2024 жылы Алматыда өткен жекпе-жекте Әли Ахмедовпен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңілген болатын.

Сондай-ақ, венесуэлалық боксшы соңғы жекпе-жегін 28 наурыз күні Сербияда өткізіп, жергілікті спортшы Мильян Джорджевичтен (22-2, 12 КО) мерзімінен бұрын жеңіліс тапты.

Айта кетейік, Риверо қазіргі таңда қатарынан бес жекпе-жекте нокаутпен жеңілген.