Әлем кубогы: Қазақстандық боксшылар бүгін медаль үшін айқасады

Сарапшы, спорт журналисі

24 сәуірде сегіз қазақстандық боксшы ширек финалда шаршы алаңға шығады. 

Әлем кубогы: Қазақстандық боксшылар бүгін медаль үшін айқасады
Sports24.kz

Бүгін, 24 сәуір күні Қазақстан құрамасының сегіз боксшысы Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан World Boxing Әлем кубогының ширек финалында өнер көрсетеді. Бұл кезеңде жеңіске жеткен спортшылар кемінде қола медальға ие болады.

Жекпе-жектер кестесі (Астана уақытымен)

Күндізгі сессия (19:00)
Ринг A:

  • 60 кг (әйелдер): Виктория Графеева — Мари Аль-Ахмадие (Канада)
  • 70 кг (ерлер): Фарух Тоқтасынов — Наби Искендеров (Әзербайжан)
  • 85 кг (ерлер): Сұлтанбек Айбарұлы — Паоло Карузо (Италия)

Түнгі сессия (01:00)
Ринг A:

  • 65 кг (әйелдер): Аида Әбікеева — Дуа Заки (Марокко)
  • 80 кг (ерлер): Диас Молжігітов — Оладимеджи Шитту (Англия)

Ринг B:

  • 51 кг (әйелдер): Алуа Балқыбекова — Дайна Мурхаус (Ирландия)
  • 50 кг (ерлер): Даниял Сәбит — Иссам Бенсайяр (Марокко)
  • 75 кг (ерлер): Санжарәлі Бегалиев — Саиджамшид Джафаров (Әзербайжан)

Турнир туралы

World Boxing Әлем кубогының алғашқы кезеңі 20–26 сәуір аралығында өтеді. Жарысқа әлемнің 50 елінен 400-ден астам боксшы қатысуда. Қазақстан атынан бастапқыда 16 спортшы барған.