Олимпиаданың күміс жүлдегері Қазақстан кубогында алтын алды (ВИДЕО)

Футбол шолушысы

Грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының финалисі Демеу Жадыраев Алматыдағы Қазақстан кубогында жеңімпаз атанды. 

Олимпиаданың күміс жүлдегері Қазақстан кубогында алтын алды (ВИДЕО)
NUR.kz

Сенімді жеңіс

Жадыраев ақтық белдесуде Батыс Қазақстан облысының өкілі Қаһарман Қисметовпен кездесті. Олимпиада жүлдегері тәжірибесін көрсетіп, қарсыласын 5:1 есебімен жеңді.

Осылайша Жадыраев Қазақстан кубогының алтын медалін жеңіп алды. Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Айдос Сұлтанғали де топ жарған еді. Екі танымал балуан Алматыдағы турнирде фаворит мәртебесін толық ақтады.

Демеу Жадыраев – ел күресінің көшбасшыларының бірі

Демеу Жадыраев Қазақстандағы ең титулды грек-рим күресі шеберлерінің қатарына кіреді. Ол 2024 жылғы Париж Олимпиадасында финалға дейін жетіп, күміс медаль жеңіп алған.

Сонымен қатар қазақстандық балуан 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Бұдан бөлек, Жадыраев Азия чемпионаттарында төрт рет жүлдегерлер қатарынан көрінді.