Үндістан Азия чемпионатында Қазақстанды "алтынсыз" қалдырды

Бас редактор

Нұржанат Бекназар АЧ финалында үнді боксшысына есе жіберді. 

Үндістан Азия чемпионатында Қазақстанды "алтынсыз" қалдырды
sportarena.kz

Ташкентте өтіп жатқан бокстан U15 жас санатындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының өкілі Нұржанат Бекназар күміс жүлдегер атанды.

37 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы финалда Үндістан өкілі Анзимен жұдырықтасты. Үш раундқа созылған жекпе-жектің қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан үнді спортшысына берді. Ресми нәтиже - 5:0.  

Ташкенттегі турнирге 21 ел қатысып жатыр

Биылғы Азия чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатыр. Құрлықтық дода Asian Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған. Бұл ұйым World Boxing құрылымының Азиядағы бөлімшесі саналады.

Турнир соңғы жылдардағы ең ауқымды жарыстардың бірі болды. Оған Азияның 21 елінен 460-тан астам жас боксшы қатысуда.