Тағы бір "алтын". Нұргүл Сахи Азия чемпионатында Өзбекстан боксшысын жеңді (ВИДЕО)

Бокс шолушысы

Азия чемпионатының финалында Өзбекстан өкілі Шахона Мулложонованы 4:1 есебімен жеңді. 

Тағы бір "алтын". Нұргүл Сахи Азия чемпионатында Өзбекстан боксшысын жеңді (ВИДЕО)
tengrisport.kz

Қазақстан құрамасының қоржыны Ташкентте өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында тағы бір алтын медальмен толықты. 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғаған Нұргүл Сахи финалда турнир қожайыны Өзбекстан өкілі Шахона Мулложоновамен жұдырықтасты.

Үш раундқа созылған тартысты кездесуде қазақстандық боксшы басымдық танытып, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Қорытынды есеп — 4:1.

Қазақстан құрамасы алтын санын арттырды

Бұл жеңіс Қазақстан жасөспірімдер құрамасының Ташкенттегі нәтижесін жақсарта түсті. Финалдық күндерде әрбір алтын медаль жалпыкомандалық есеп үшін де, спортшылардың жеке мансабы үшін де маңызды.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін де қазақстандық боксшы Ташкенттегі жарыста жеңіс тұғырынан көрінген еді. 

Айта кетейік, Азия чемпионаты Өзбекстан астанасы Ташкентте өтіп жатыр. Жарыс Asian Boxing ұйымының қолдауымен ұйымдастырылған. Бұл ұйым World Boxing құрылымының Азиядағы бөлімшесі саналады.

Биылғы құрлық біріншілігі соңғы жылдардағы ең ауқымды жарыстардың бірі болды. Турнирге Азияның 21 елінен 460-тан астам жас боксшы қатысуда.