ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Қазақ боксшылары қарсыластарын нокдаунға жіберіп, Азия чемпионатының финалына шықты

Индонезия астанасы Джакартада өтіп жатқан жастар арасындағы (U19 және U23) бокстан Азия чемпионатында ұлттық құрама өкілдері финалға жолдама алды.

Қазақ боксшылары қарсыластарын нокдаунға жіберіп, Азия чемпионатының финалына шықты
instagram/boxingkazakhstan

Қарсыласын үш мәрте нокдаунға жіберді

U19 санатындағы 80 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Айдана Убайдуллақызы жартылай финалда Қырғызстан боксшысы Мээрим Чыныбековамен қолғап түйістірді. Қазақстандық былғары қолғап шебері жекпе-жекті толық бақылауда ұстап, қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді. Нәтижесінде төреші кездесуді мерзімінен бұрын тоқтатып, Айдана техникалық нокаутпен жеңіске жетті. 

Камила Оспанова финалда

70 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін Камила Оспанова жарысты бірден жартылай финалдан бастады. Ол финал жолдамасы үшін Оңтүстік Корея өкілі Мина Жангпен кездесті. Алғашқы раундта қазақстандық боксшы айқын басымдық танытып, 4:1 есебімен төрешілердің қолдауына ие болды.

Кейінгі раундтарда да басымдықты уысынан шығармаған Оспанова үшінші кезеңде қарсыласын нокдаунға жіберіп, кездесуді төрешілердің шешімімен өз пайдасына аяқтады. Нәтижесінде Камила да U19 санатындағы Азия чемпионатының финалына жолдама алып, алтын медаль үшін жұдырықтасатын болды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.