ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

Бес белдесу, бес жеңіс: Дияр Аманәлі әлемді мойындатты

Қазақстан құрамасы Бакуде күрес түрлерінен U17 әлем чемпионатында алтын медалін иеленді.

Бес белдесу, бес жеңіс: Дияр Аманәлі әлемді мойындатты
olympic.kz

Финалдағы үстемдік

Грек-рим күресінің өкілі Дияр Аманәлі 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында венгриялық Кеве Ковачты жеңді. 

Тартысты өрбіген финалдық белдесу 1:1 есебімен аяқталды. Дегенмен соңғы нәтижелі әдісті қазақстандық балуан орындағандықтан жеңіс Аманәліге берілді.

Финалға дейінгі жорық

Дияр Аманәлі әлем біріншілігінде бес белдесу өткізді. Алғашқы айналымда грекиялық Николаос Зинисисті 8:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңді.

Келесі белдесуде ресейлік Эдем Пайзиевтен 3:1 есебімен басым түсті. Ширек финалда Грузия елінің балуаны Гиорги Кеделидзені жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.

Финалға шығар белдесуінде болгариялвқ Данимир Йордановты 8:1 есебімен сенімді түрде ұтты.

Еске салайық, бүгін алтыннан бөлек Қазақстан қоржынына күміс медаль түсті. Оның иесі — Әли Алмас. Ол 48 келі салмақ дәрежесінде белдесті. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.