Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Фьюри мен Джошуа жекпе-жек үшін рекордтық гонорар алмақ

Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуаның Уэльсте өтетін жекпе-жегіне жалпы 200 миллион доллар бөлінеді.

Фьюри мен Джошуа жекпе-жек үшін рекордтық гонорар алмақ
sport24.ua

200 миллион доллар қалай бөлінеді?

The New York Times басылымы жағдайдан хабардар дереккөздеріне сүйеніп, кездесудің жалпы жүлде қоры 200 миллион доллар болатынын жазды.

Әзірге қаражаттың боксшылар арасында қандай үлеспен бөлінетіні айтылмаған. Дегенмен басылым мәліметінше, қос британдықтың әрқайсысы мансабындағы ең ірі гонорарды алады.

Фьюри мен Джошуа қашан жұдырықтасады?

Аса ауыр салмақтағы боксшылардың кездесуі 11 желтоқсанда Кардифф қаласындағы "Принсипалити" стадионында өтеді. Жекпе-жекті Netflix платформасы көрсетеді.

Қарсыластар Лондонда алдағы айқасқа арналған алғашқы баспасөз мәслихатын өткізді.

Фьюридің көкесі Джошуаны дайындауға көмектеседі

Бұл кездесуге қызығушылықты арттырған жайттың бірі – Питер Фьюридің Джошуаның бапкерлер штабына қосылуы. Ол – Тайсон Фьюридің көкесі.

Тайсон бұл жаңалыққа алаңдамайтынын білдірді. Оның айтуынша, Питермен көп жылдан бері сөйлеспеген. Сонымен бірге ол көкесінің көмегі Джошуаның соққыға төзімділігін арттыра алмайтынын айтып, қарсыласына мысқылмен жауап берді.

Боксшылардың соңғы жекпе-жектері

Джошуа бұған дейін Джейк Полдың жағын сындырып, кейін Кристиан Пренганы нокаутқа түсірген.

Ал "Сыған королі" лақап атымен танылған Фьюри Арсланбек Махмудовты, одан кейін Мариус Вошты жеңген.

Бұл туралы не ойлайсыз?