Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Қазақстан мен Куба арасындағы айқас күтпеген нәтижемен аяқталды

Айдос Үсенов Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы әлем чемпионатында кезекті жеңісіне жетті.

Қазақстан мен Куба арасындағы айқас күтпеген нәтижемен аяқталды
Instagram/@boxingkazakhstan

Кубалықты сан соқтырды

55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсіп жатқан қазақстандық боксшы 1/8 финалда Иверсон Акостамен кездесті. Айдос Үсенов жарыстың алғашқы айналымынан босатылып, 1/16 финалда румыниялық Панаэнтені 5:0 есебімен сенімді жеңген болатын.

Ал оның кубалық қарсыласы да алғашқы кезеңге қатыспады. Иверсон Акоста 1/16 финалда франциялық Вакареллоны тартысты жекпе-жекте 3:2 есебімен ұтып, келесі айналымға өткен.

Кездесудің алғашқы минуттарынан бастап Айдос Үсенов белсенді қимылдап, қарсыласынан жылдам әрекет етуге тырысты. Дәл соққыларымен көзге түсіп, жекпе-жек тізгінін өз қолына алды.

Екінші раунд аяқталғаннан кейін үш төреші Үсеновке 20:18 есебімен басымдық берді. Қалған екі төрешінің есебінде 19:19 нәтижесі тіркелді.

Шешуші үшінші раундта да қазақстандық боксшы қарқынын бәсеңдетпей, жеңіске жету үшін барын салды. Нәтижесінде бес төрешінің барлығы Айдос Үсеновтің жеңісін тіркеді. Төрешілер есебі: 29:28, 29:28, 29:28, 29:28, 30:27.

Үсенов әлем чемпионатының жүлдесіне жақындады

Бұл жеңіс Қазақстан құрамасының өкіліне әлем біріншілігіндегі жүлделі орындар үшін күресті жалғастыруға мүмкіндік берді.

Енді Айдос Үсенов ширек финалда жеңіске жетсе, жартылай финалға өтіп, әлем чемпионатының кемінде қола жүлдегері атанады.

Айта кетейік, Черногорияның Будва қаласында өтіп жатқан U19 әлем чемпионатында қазақстандық боксшылар түрлі салмақ дәрежелері бойынша бақ сынап жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Клуб беті: Қазақстан U19