Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына бір қадам қалғанда тоқтады

Астанада әйелдер күресінен 2026 жылғы әлем чемпионатында Нилуфар Раимова финалға шыға алмады.

Нилуфар Раимова әлем чемпионатының финалына бір қадам қалғанда тоқтады
instagram.com/kazwrestling_official/

Жапониялық балуанға есе жіберді

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Нилуфар Раимова әлем чемпионатының жартылай финалында жапониялық Сэна Нагамотомен кездесті. Финал жолдамасы сарапқа салынған белдесуде жапониялық балуан айқын басымдық танытып, 11:0 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Сэна Нагамото әлем чемпионатының финалына шығып, кем дегенде күміс жүлдені қамтамасыз етті. 

Нилуфар Раимова әлем біріншілігінде жартылай финалға дейін екі қарсыласын жеңген болатын. Алғашқы белдесуінде ресейлік Анастасия Яндушкинаны 8:5 есебімен ұтты. Келесі кезеңде Украина намысын қорғайтын Александра Хоменецке қарсы 12:6 есебімен алда тұрған сәтінде қарсыласын жауырынымен кілемге тигізіп, таза жеңіске жетті. Осы нәтижелердің арқасында қазақстандық балуан әлем чемпионатының үздік төрттігіне енді.

Қола медаль үшін белдесу қашан өтеді?

Жартылай финалдағы жеңіліске қарамастан Нилуфар Раимованың әлем чемпионатының жүлдегері атануға мүмкіндігі сақталып отыр.

57 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі медаль үшін шешуші белдесулер 28 қазанға жоспарланған. Еске салайық, Астанадағы күрес түрлерінен әлем чемпионаты 24 қазанда басталды және 1 қарашаға дейін жалғасады.

Бұл туралы не ойлайсыз?