Қазақстандық балуан әлем чемпионатының финалына шыға алмады
Астанадағы күрес түрлерінен әлем чемпионатында Зейнеп Баянова жартылай финалда жеңіліс тапты.
Үндістандық балуанға есе жіберді
Әйелдер күресінен 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Зейнеп Баянова финал жолдамасы үшін үндістандық Ниламмен кездесті. Тартысты белдесу қорытындысында үндістандық балуан 7:3 есебімен басым түсті. Осылайша Нилам әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндік алса, Баянова қола жүлде үшін күресін жалғастырады.
2026 жылғы Азия ойындарының қола жүлдегері Зейнеп Баянова әлем біріншілігін сәтті бастаған. Ол 1/8 финалда өзбекстандық Ақтеңге Кеунимжаеваны жеңіп, ширек финалға жолдама алды. Ал үздік төрттікке шығу үшін моңғолиялық Отгонжаргал Долгоржавтан басым түсті.
Әлем чемпионаты Астанада өтіп жатыр
Еске салайық, күрес түрлерінен 2026 жылғы әлем чемпионаты Қазақстан астанасында 24 қазанда басталды. Халықаралық дода 1 қарашаға дейін жалғасады.
Зейнеп Баянова енді әлем біріншілігінің қола жүлдесін жеңіп алуға мүмкіндік алады.