Penalty.kz қосымшасыГол туралы бірінші біліңіз Ашу
Футбол
Бөлімдер

"Камил Карате" Шымкентте қарсыласын 7 секундта нокаутқа түсірді

Alash Pride FC 136 × Mangu 6 аралас жекпе-жек турнирінде ерекше жағдай тіркелді. Тәжікстандық Камариддин "Камил Карате" Хасанов ресейлік Михаил Цыганковты небәрі жетінші секундта жеңді.

"Камил Карате" Шымкентте қарсыласын 7 секундта нокаутқа түсірді
instagram.com/kamilkarate/

Кездесу басталған бойда тәжікстандық файтер шабуылға көшіп, қарсыласына аяқпен екі соққы жасады. Жойқын соққылардан кейін ресейлік файтер жекпе-жекті жалғастыра алмады.

Төреші бірінші раундтың жетінші секундында кездесуді тоқтатып, Камариддин Хасановтың техникалық нокаутпен жеңіске жеткенін жариялады.

Осы жеңістен кейін Хасановтың кәсіби мансабындағы нәтижесі 9 жеңіс, 4 жеңіліс және 1 тең ойынға жетті. Ал ресейлік Михаил Цыганков екінші рет жеңіліп, оның көрсеткіші 1 жеңіс пен 2 жеңіліс болды. 

Шымкенттегі найзағайдай жылдам аяқталған жекпе-жектің видеосы әлеуметтік желіде жарияланды.

Бұл туралы не ойлайсыз?