"Бүкіл фуЕркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовпен спаррингке шықты
Актер әрі ММА файтері Еркебұлан Тоқтар Қуат Хамитовпен спарринг алдындағы видеосын жариялады.
Тоқтар Хамитовты залда қалай қарсы алды?
Қуат Хамитов Еркебұлан Тоқтармен спарринг өткізу үшін оның жаттығуына келген. Тоқтар Instagram парақшасында файтердің залға кірген сәті мен екеуінің әңгімесін бөлісті.
Актер қарсыласын әзілмен қарсы алып, Қазақстан футболына қатысты сындарын еске салды.
Тоқтар: "Қазір, бауырым, бүкіл футбол федерациясының атынан ұрамын. "Ордабасы" да осында".
Хамитов:" Сен "Ордабасы" туралы ештеңе айтқан жоқсың ғой, "жалпы, бүкіл футбол үшін" дедің".
Тоқтар: "Барлық футболшы бірігіп, маған ақша жинап берді. Бүгін, достар, Қуат бауырыммен спарринг өткіземіз".
Футболшылардың ақша жинағаны туралы сөз де осы әзіл әңгіме барысында айтылды. Ал роликтің соңында спаррингтің басталған сәті көрсетілген.
Хамитов Қазақстан футболын не үшін сынайды?
Қуат Хамитов отандық футболға бөлінетін мемлекеттік қаржы мәселесін жиі көтереді. Оның пікірінше, халықаралық аренадағы нәтижелер бұл спортқа жұмсалатын миллиардтаған теңгені ақтамайды.
Файтер футболшылардың жоғары жалақысы мен өзге спорт өкілдеріне көрсетілетін қолдауды да салыстырып жүр. Ол ММА файтерлерінің қаржылық қолдаусыз ел намысын қорғап жүргенін алға тартады.
Бұған дейін Хамитов ACA 209 турниріндегі жеңісінен кейін Қазақстан құрамасының жейдесін октагонға алып шыққан. Сонымен қатар ұлттық команданың Ұлттар лигасында Молдоваға есе жібергенінен кейін де сын айтқан еді.