Британдық былғары қолғап шебері кәсіпқой бокста бірде-бір рет жеңіліп көрмеген.
Түнеугүні ғана жаңазеландиялық Андрей Михайловичке қарсы шаршы алаңға шығып, кезекті жеңісіне жеткен Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) көп ұзамай тағы да жекпе-жек өткізуі мүмкін. Себебі WBO ұйымы чемпиондық титулды қорғау мақсатында жерлесімізді британдық Хамза Ширазбен (25-0, 21 КО) жұдырықтасуға міндеттеді.
Енді екі боксшының өкілдері алдағы 15 тәулік ішінде келісімге келуі тиіс. Уағдаластық орын алмаса, промоутерлік сауда басталады. Оның бастапқы сомасы – 200 мың доллар.
Айта кетейік, 25 жастағы Шираз WBO және WBC тұжырымдары бойынша әлемдік рейтингте бірінші орында тұр. Ал WBA бойынша – алтыншы, IBF рейтингінде төртінші орында тұр.
Өз кезегінде Жәнібек Әлімханұлы WBO мен IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.