ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

ӘЧ: Омар Нәдіров «қола» алу үшін Еуропа чемпионатының жүлдегерлерін жеңуі керек

Тирана қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес палуандары бозкілемге шықты.

ӘЧ: Омар Нәдіров «қола» алу үшін Еуропа чемпионатының жүлдегерлерін жеңуі керек
sportrbc.ru

Тирана қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында еркін күрес палуандары бозкілемге шықты.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметі бойынша, іріктеу нәтижесінде ертең жұбаныш белдесуінде Ұлттық құрама сапынан Омар Нәдіров бақ сынайды. Аса ауыр салмақтағы (125 келі) отандасымыз Еуропа чемпионатының (U23) күміс жүлдегері украиналық Володимир Кочановпен күреседі.

Жеңіске жетсе, жастар арасындағы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері Айдын Ахмадовқа (Әзірбайжан) қарсылас болады.

Сондай-ақ ертең еркін күрестен 57, 65, 70, 79 және 97 келіге дейінгі салмақтағы іріктеу өтеді. Белдесулер Астана уақытымен сағат 13:30-да басталады.
 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.