Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Хамзат Чимаев кезекті жеңісіне жетті

Сарапшы, спорт журналисі
27.10.2024, 15:05

Шешен файтері UFC-дің бұрынғы чемпионын бірінші раундта жеңді.

Хамзат Чимаев кезекті жеңісіне жетті
news.sportbox.ru

Абу-Дабиде UFC 308 турнирінің басты картында жұдырықтасқан шешен файтері Хамзат Чимаев (14-0) аустралиялық Роберт Уиттакерді (26-8) небәрі бірінші раундта жеңді.

Жекпе-жек бес раундқа жоспарланған болатын. Алайда, 30 жастағы Хамзат бірінші раунд соңына жетпей Уиттакерді қылқындыру әдісі арқылы жеңіп кетті.

Шешен файтері қазіргі таңда Біріккен Араб Әмірліктерінің намысын қорғап жүр. Ол осы күнге дейін бірде-бір рет жеңілмеген. 14 жекпе-жегінің 12-сін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Енді Хамзат Чимаев UFC чемпионы атағы үшін Оңтүстік Африка Республикасының өкілі Дрикус ди Плессимен (22-2) жұдырықтасуы керек. 

 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 3
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір