Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 KO) алдағы үш-төрт ай ішінде рингке қайта шығатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Penalty.kz.
Жәнібектің мәлімдемесі
Әлемнің екі нұсқасы бойынша чемпионы әлеуметтік желілерде алдағы жоспарларымен бөлісті:
"Ақпан – жекпе-жек үшін тамаша ай! Мен ақпанда дайын боламын! Бірақ сұрақ – менімен кім жекпе-жекке шығады?!" – деп жазды ол.
Соңғы жекпе-жегі
Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы өзінің соңғы жекпе-жегін 4 қазанда өткізіп, тоғызыншы раундта бұрын жеңіліс көрмеген Андрей Михайловичті (21-1, 13 KO) нокаутқа түсірген болатын.
Келесі қарсылас кім болмақ?
Жанкүйерлер қазақстандық боксшының келесі қарсыласы кім болатынын асыға күтуде. Әлем чемпионы ретінде Жәнібекке танымал боксшылармен жұдырықтасу мүмкіндігі бар. Оның келесі жекпе-жегі орта салмақтағы бокс әлемінде маңызды оқиға болмақ.
Penalty.kz жаңалықтарды қадағалап отырыңыздар.