UFC-дің жаңартылған рейтингі: Шавкат Рахмонов нешінші орында?

Сарапшы, спорт журналисі

UFC барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады.

UFC-дің жаңартылған рейтингі: Шавкат Рахмонов нешінші орында?
fighttime.ru

Ultimate Fighting Championship (UFC) барлық салмақ дәрежесіндегі рейтингтің жаңартылған нұсқасын жариялады. 

Жекпе-жекте жеңіліп көрмеген қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов (8-0) өз орнын сақтап қалды. «Номад» жартылай орта салмақтағы рейтингте үшінші орында. Алғашқы екі орында Леон Эдвардс мен Камару Усман тұр. Ал чемпиондық титул Белал Мұхаммадқа тиесілі. 

Ал жеңіл салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын Асу Алмабаев өз дивизионында 7-орында. Үздік үштікте Брэндон Ройвал, Брэндон Морено және Амир Альбази. Чемпиондық белбеу болса Алешандре Пантожада. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір