Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Басы дауға қалған Олимпиада чемпионы «алтынынан» айырылуы мүмкін

Редактор Penalty.kz
05.11.2024, 20:14

Британдық журналист боксшы Иман Хелифтен Олимпиада «алтынын» қайтарып алу туралы үндеу тастады. 

center.business-magazine.online
center.business-magazine.online

Британдық журналист боксшы Иман Хелифтен Олимпиаданың алтын медалін қайтарып алуға шақырды. Ол бұл үндеуді жынысына қатысты жасалған тест нәтижелерінен кейін жасап отыр. 

Қазір бұқаралық ақпарат құралдарында Париж Олимпиадасында бокстан чемпион атанған алжир боксшы Иман Хелифтің гендерлік тесттен өте алмағаны қызу талқыға түсіп жатыр. 

Reduxx басылымы дәрігерлердің қорытындысынан үзінділер жариялады. Медициналық тестілерге сәйкес, Хелифтен XY (ерлерге тән) хромосомалар анықталған.

2023 жылы дәрігерлер мынадай қорытынды шығарған болатын:

«Альфа-5-редуктаз 2 типінің жетіспеушілігі – тестостерон мен дегидроандростеронның метаболикалық дисфункциясына әкелетін генетикалық ауытқу». Боксшының жамбас сүйегінің МРТ нәтижелері жатырдың болмауын, шап каналдарында гонадтардың (ішектегі аталық бездердің), соқыр қынаптың және клиторлық гипертрофия түріндегі микропенистің болуын көрсетті.

Белгілі британдық журналист Морган Пирс бұдан шет қалмай, осы мәліметтерге әлеуметтік желіде өз пікірін білдірді: 

«Бұл кейбіреулеріміз айтқан нәрсенің дәлелі: Хелиф – биологиялық ер адам. Алтын медаль енді шынайы әйелге берілуі керек», – деп жазды британдық.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 19
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір