Тайсон шаршы алаңға шығады

Сарапшы, спорт журналисі

Жұманың кешінде мұхиттың арғы бетінде кәсіпқой бокстан Майк Тайсон мен блогер Джейк Пол арасында жекпе-жек өтеді.

Тайсон шаршы алаңға шығады
ringside24.com

Жұманың кешінде мұхиттың арғы бетінде кәсіпқой бокстан Майк Тайсон мен блогер Джейк Пол арасында жекпе-жек өтеді. 58 жастағы темір Тайсон соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылы Рой Джонсқа қарсы шықты. Араға 4 жыл салып әлемнің экс-чемпионы қолғабын қайта киіп отыр.

Тайсон бірнеше айдан бері тыңғылықты дайындық жүргізіп бабына келді. Дегенмен мамандар бұл жекпе-жекте Тайсонға қиын болады деп болжайды. Өйткені Джейк Пол Тайсоннан 31 жас кіші. Сонымен қатар, Пол бұған дейін ММА шеберлерімен 10 жекпе-жек өткізіп, соның 9-ында жеңіске жеткен. 

Жастық жалын ба, жоқ әлде тәжірибе ала ма оны уақыт көрсетеді. Жекпе-жектен кейін Тайсон 20 миллион АҚШ доллары көлемінде сыйақы алса, Пол 40 миллионды қалтасына басады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір