Қазақстандық балуан әлем чемпионы атанды
Дүбірлі дода Ереванда өтті.
spartaequip.com
Қазақстандық балуан Мейіржан Әшіров Ереванда күрес түрлерінен әскерилер арасында өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырынан көрінді.
Қазақстан күрес федерациясы таратқан ақпар бойынша 70 келі салмақта өнер көрсететін Мейіржан Әшіров турнирде қарсылас шақ келтірмеген.
Ол алдымен ресейлік Инал Кетияны жеңсе, кейін моңғолиялық О.Мергеншагайдан басым түскен.
Үшінші белдесуде отандасымыз иран азаматын тізе бүктіріп, ақтық сында үнді балуанын қапы қалдырған.
Бұдан бөлек, грек-рим күресінен кіші сержант Айдос Сұлтанғали (60 кг), әйелдер күресінен ҚР Қарулы күштерінің қызметшісі Светлана Анкичева (50 кг) қола жүлдегерлер қатарынан көрінді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet