ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 22-тур

WBO Әлімханұлыдан ат-тонын ала қашқан боксшыға қатаң шара қолданды

Кәсіпқой бокста жеңіліп көрмеген британдық боксшы Хамза Шираз WBO ұйымының рейтингінен шығарылды. 

WBO Әлімханұлыдан ат-тонын ала қашқан боксшыға қатаң шара қолданды
runasport.com

WBO-ның чемпиондық титулына міндетті үміткер болған британ боксшысы Хамза Шираз ұйымның рейтингінен шығарылып тасталды. Бұл шешім Шираздың промоутері Фрэнк Уорреннің Хамза – Жәнібек жекпе-жегінің промоутерлік саудасынан шығып кетуінен кейін орын алып отыр. 

Осылайша, тұманды альбион өкілі белбеуге үміткерліктен айырылып қана қоймай, топ-15 тыс қалды. Рейтингтің жаңартылған нұсқасы бойынша қазір бірінші орында Дензел Бентли (20-3-1, 17 КО) тұр. Ол 7 желтоқсанда екінші нөмірлі Брэд Полспен (19-1-1, 11 КО) шеберлік байқасады. Осы айқастың жеңімпазы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына қарсылас атануы мүмкін. 

Ал ұлыбританиялық былғары қолғап шебері енді WBC чемпионы Карлос Адамеспен жек-жекке шығуы мүмкін. 
 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.