Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Оның біреуі алтын.
Оңтүстік Кореяның Санджу қаласында күрес түрлерінен халықаралық турнир өтті. Korea Open деп аталатын бәсеке олимпиадалық салмақтар бойынша ұйымдастырылатын айтулы аламандардың бірі.
Қазақстандық спортшылар арасынан әйелдер күресінде 76 келідегі Эльмира Сыздықова барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда Тайпейлік спортшыны 8:7 есебімен жеңді.
Бұған қоса, ұлттық құрама сапындағы 66 келідегі Айбек Айтбеков және 77 келідегі Диас Сейітқалиев күміс жүлдегер атанды. Грек-рим күресінің өкілдері финалға дейін жетіп, шешуші белдесуде ғана есе жіберді.
Ал, Мақсат Сайлау, Темірлан Тұрдақын және Нұрасыл Аманәлі есімді спортшыларымыз өз салмақ дәрежелерінде үздік үштікті түйіндеп, қола жүлдеге қол жеткізді.