Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Жалғас Жұмағұлов UFC-ге оралуға дайын (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
11.12.2024, 21:19

Қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (17-9) UFC-мен қайтадан келісімшарт жасасуға ниетті.

Бұл туралы ол SauBall YouTube-арнасында мәлімдеді. 

Жұмағұлов әлемдік промоушн аясында бір рет жеңіске жетіп, жеті мәрте қарсыластарынан таяқ жеген. Ол Fight Night чемпионы бола тұра UFC-ге келді. Соңғы жекпе-жегін Oktagon турнирінде өткізді. Ал жақында Fight Night-пен кезекті келісімшартқа отырды. Енді 2025 жылы шарт бойынша MMA және бокс ережесіне сәйкес төрт жекпе-жек өткізуі тиіс. 

Жұмағұловтың айтуынша, жеке менеджері Саят Әбдірахманов UFC өкілдеріне қазақстандықтың октагонға оралуға дайын екенін жеткізген. 

"Қайта оралғым келеді. Осындай жоспарым бар. Қолымнан келгенше бәрін жасап жатырмын. Саят менеджермен үнемі байланыстамын. Келіссөздер бойынша әр жаңалықты жеткізіп тұрады. Маған үнемі жеңіске жетіп тұру керек. Дайын бол деді. Күтеміз, дайындаламыз", — деді файтер.

Еске сала кетсек, Астанада 20 желтоқсанда Fight Night турнирі өтеді. Сонда Жалғас Жұмағұлов норвегиялық Раванд Оубамен күреседі. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір