Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

«Бұл – Шавкатқа үлкен сый»: Рахмоновтың бапкері UFC чемпионын мінездеді

Редактор Penalty.kz
18.12.2024, 10:45

АҚШ-тағы Kill Cliff FC залында жаттығатын қазақстандық файтер Шавкат Рахмоновтың бапкері Саид Сапаров шәкіртінің UFC чемпионы Белал Мухаммадқа қарсы болашақ кездесуінің мән-жайын талдап берді

«Бұл – Шавкатқа үлкен сый»: Рахмоновтың бапкері UFC чемпионын мінездеді
©IG/bullyb170

Қазіргі таңда Рахмонов UFC жартылай орта салмақ рейтингінде екінші сатыны иеленген. Сапаровтың айтуынша, Мухаммадтың стилі Шавкатқа өте қолайлы.

«Белалдың артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Артықшылығы — ол техникалық жағынан да, стилі жағынан да Шавкатқа өте ыңғайлы, тіпті «сыйлық» деуге болады. Ол әрдайым алға ұмтылады, бірінші нөмірмен жұмыс істейді. Шавкатқа оны қарсы соққылармен тоқтату, аяқпен қозғалу, дәл соққылармен «бөліп-жару» оңай болады. Егер күреске көшсе, сабмишен арқылы тұзаққа түсіру мүмкіндігі де жоғары. Дегенмен, минусы да жоқ емес: Мухаммад тек шабуылдап қана қоймай, күрес тәсілін де жетік меңгерген. Оны тордың маңында біраз әбігерге салуға тура келеді», – дейді Сапаров «Спорт Шредингері» порталына берген сұхбатында.

2023 жылғы желтоқсанда Шавкат Рахмонов ирландиялық Иэн Гэрриді (16-1) бірауыздан шыққан төрешілер шешімімен жеңіп, Мухаммад иелік ететін UFC жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеуге негізгі үміткер атанды. Бұған дейін денсаулығына байланысты Мухаммад Рахмоновпен чемпиондық жекпе-жекке шығудан бас тартқан болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 4
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір