Қазақстандық боксшы Балауса Мұздыман бірінші раундта нокаутпен жеңді
Елордада өтіп жатқан Fight Nights Boxing кәсіби бокс кешінде жеңілмейтін Балауса Мұздыман (5-0, 4 КО) мен үнді қызы Сушила Вират (6-1, 4 КО) қолғап түйістірді.
smartnews.kz
Жеңіл салмақта өткен жекпе-жек екі минуттан сегіз раундқа жоспарланды. Бірақ Мұздыман бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті.
Осылайша Балауса Мұздыман кәсіби мансабындағы алтыншы жеңісіне қол жеткізді, ал Сушила Вират кәсіпқой рингте екінші рет жеңілді.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet