ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Қуат Хамитовтің кезекті жекпе-жегі қашан өтеді?

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің бокс ережелері бойынша өтетін кездесуінің уақыты белгілі болды. Бұл туралы ALL STARS BOXING промоутерлік компаниясы хабарлады.

Қуат Хамитовтің кезекті жекпе-жегі қашан өтеді?
sportburo.kz

Қуат 28 ақпанда Астанада шаршы алаңға шығады. Бұл кездесу жоспарға сәйкес 27 желтоқсанда Алматыда өтуі тиіс еді, бірақ айқас Хамитовтің жарақатына байланысты кейінгі шегерілді.

"Жылды керемет жаңалықпен аяқтап отырмыз. Қуат Хамитов пен Мариф Пираев 28 ақпанда Астанада бетпе-бет кездеседі" - делінген промоушеннің мәліметінде.

Айта кетейік, Хамитовтің ММА-дегі нәтижесі - 26-8-2, ал кәсіпқой бокстағы көрсеткіші – 1-0.

Бұл туралы не ойлайсыз?