Усман Нурмагомедов Дубайда ирландиялық спортшыны жеңді (ВИДЕО)

Футбол шолушысы

Дубайдағы Coca-Cola Аренада PFL Road to Dubai турнирі өтті. 

Басты шайқаста жеңіл салмақтағы Bellator чемпионы Усман Нурмагомедов пен ирландиялық Пол Хьюз кездесті.

Жекпе-жек жоспарланған бес раундқа созылып, төрешілер шешімімен Усманның пайдасына аяқталды. 

Усман Нурмагомедов жеңіліссіз сериясын 19 жекпе-жекке дейін ұзартты. Ирландиялық спортшы мансабындағы екінші жеңілісіне ұшырады.