Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны Назым Қызайбай алдағы әлем біріншілігіне 48 келіде дайындалып жатыр.
Бұл туралы спортшы Aqyrys Seitqazy YouTube-арнасында айтты.
"Парижден кейін 1,5-2 ай іс-шараларға қатыстым. Бірақ сол аралықта да жаттығуды ұмытпадым. Ескі салмағым 48 келіде ел чемпионы атандым. Алда мақсат көп. Әлем чемпионаты бар.
Салмақ ауыстыруға келер болсақ, Олимпиадаға дейін әлі уақыт бар. Оған дейін салмақ дәрежелері де өзгереді.
Қазіргі мақсатым — үш дүркін әлем чемпионы атану. 48 келіде екі рет топ жардым. Енді үшінші рет жеңіске жетуді көздеймін", — деді Қызайбай.
Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының қола жүлдегері. Ол жартылай финалда қытайлық боксшыға есе жіберіп, үздік үштікке енді.