Дзюдошылармыз Baku Grand Slam-2025 турнирінің алғашқы күнін сәтсіз бастады

Сарапшы, спорт журналисі

Татамиге көтерілген төрт спортшымыз жүлдесіз қалды. 

Дзюдошылармыз Baku Grand Slam-2025 турнирінің алғашқы күнін сәтсіз бастады
sputnik.kz

Бакуде дзюдодан өтіп жатқан “Үлкен дулыға” (Grand Slam) кезеңінің алғашқы жарыс күнінде Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды.

66 келіде өнер көрсеткен Адильбек Берікұлы бірінші кездесуінде АҚШ құрамасы атынан шыққан моңғол Билег Эрденецогты жеңді. Алайда, екінші айналымда ол испаниялық тәжірибелі спортшы Давид Гарсия Торнеге есе жіберді.

Берікұлы шабуылдардың бірінде үшінші “шидо” алып, дисквалификацияға ұшырады.

Одан бөлек, Ұлықбек Әбілқайыр, Данияр Құлушев және Қанат Сейілхан алғашқы жекпе-жектерінде-ақ жеңіліп, жарыстан шығып қалды.

Осылайша Қазақстан ерлер құрамасы Baku Grand Slam-2025 додасын сәтсіз бастады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір