ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Ангелина Лукас Гиннесс рекордын жаңартуға ниетті (ВИДЕО)

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Ангелина Лукас (13-1, 6 КО) кезекті жекпе-жегі қарсаңыңда үлкен мәлімдеме жасады. 

Ангелина Лукас Гиннесс рекордын жаңартуға ниетті (ВИДЕО)
RunaSport.com

Спортшы өзінің Instagram парақшасында мынадай жазба жариялады.

"21 ақпанда мен қайтадан рингке шығамын. Бұл Еуропадағы ең ірі бокс кеші болмақ. Мен тағы да көк туымызды желбіреткім келеді! Иә, иә, мен Гиннесс рекордын жаңартқым келеді!", — деді Лукас. 

Boxrec.com сайтының мәліметінше, Ангелина Лукас Түркияның Ыстамбұл қаласында өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Бірақ оның қарсыласы әлі белгісіз.  

Айта кетейік, Лукас жақында тоғыз күн ішінде екі жекпе-жек өткізіп, сенсациялық жеңістерге жетті. Алдымен Нигерия өкілі Айисат Орийомиді (9-1, 6 КО) нокаутпен жеңсе, артынша Венесуэла боксшысы Джоана Суньигадан (18-9-1, 11 КО) төрешілер шешімімен басым түсті 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.