Қазақстандық сұлу боксшы Балауса Мұздыман Бетербиев – Бивол реваншының жеңімпазын атады (ВИДЕО)
Қазақстандық кәсіби боксшы Балауса Мұздыман жартылай ауыр салмақта абсолютті чемпион Артур Бетербиев пен тегі қырғыз Дмитрий Бивол арасындағы реванш жекпе-жегінің жеңімпазы туралы өз болжамын айтты.
"I think he is gonna win) Ойымша, Бивол жеңіске жетеді", – деп жазды Мұздыман Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.
Балауса өзінің соңғы жекпе-жегін үндістандық боксшы Сушила Виратқа (6-2, 4 KO) қарсы өткізіп, бірінші раундта нокаутпен жеңіске жетті. Бұл жеңіс оған BoxRec рейтингінде жеңіл салмақ дәрежесінде 71-орыннан бірден 11-орынға көтерілуге мүмкіндік берді.
Айта кетейік, қазақстандық спортшы соңғы төрт кездесуін де бірінші раундта нокаутпен аяқтаған. Оның бұл әсерлі көрсеткіші бокс әлемінде үлкен назарға ие болып, жанкүйерлердің қызығушылығын тудырды.
Бетербиев – Бивол реваншы
22 ақпандағы Бетербиев пен Бивол арасындағы реванш – жанкүйерлер асыға күткен оқиғалардың бірі болады. Екі боксшы да жоғары деңгейдегі тәжірибеге ие, ал олардың екінші кездесуі әлемдік аренада үлкен тартысқа айналмақ.