
Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) президенті Умар Кремлёв үшінші жекпе-жекті Мәскеуде ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.
Кремлёвтің мәлімдесі туралы Sport-express.ru жазды.
"Үшінші жекпе-жек керек пе? Меніңше, өте қажет. Кеше біз жылдың басты оқиғасын тамашаладық. Мұны тағы да "Лужники“ стадионында қайталау керек деп ойлаймын. Егер қолдайтын болсаңыздар, қанша қаржы кетсе де, біз бұл реваншты Мәскеуге алып келеміз және келіссөздерді бастаймыз", – деді Кремлёв өзінің Telegram-арнасындағы видеожазбасында.
Бұған дейін әйгілі промоутер Боб Арум Бивол мен Бетербиев арасындағы үшінші кездесу жыл соңына дейін өтетінін айтқан еді.
Еске сала кетейік, екінші жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілердің шешімімен (114-114, 116-112, 115-113) Биволдың жеңісімен аяқталды. Осылайша, ол жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атағына ие болды.
Алғашқы кездесу 2024 жылдың қазан айында өтті. Ол кезде төрешілердің шешімімен жеңісті Бетербиев иеленді.
Үшінші жекпе-жектің ресми расталуы мен нақты өтетін күні алдағы уақытта белгілі болады.