
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Бекзат Нұрдәулетов Странджа-2025 кубогының 1/4 финалында айқын жеңіске жетті.
1/4 финалда Бекзат Нұрдәулетов Франция өкілі Абдулае Траоремен қолғап түйістірді. Қазылар алқасының бірауызды шешімімен қазақстандық боксшы жеңімпаз деп танылды. Кездесудің қорытынды есебі – 5:0.
Еске салайық, 1/8 финалда Нұрдәулетов Өзбекстандық боксшы Акмалжон Исроиловты бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.
Бекзат Нұрдәулетов 2019 жылғы әлем чемпионы (Екатеринбург, Ресей) және Токио-2020 Олимпиадасының қатысушысы болып табылады.