Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

UFC: Қазақстандық файтер Джастин Гэтжиге қарсы жекпе-жекке шығады

Редактор Penalty.kz
27.02.2025, 09:32

UFC-дің уақытша чемпионатының бұрынғы иегері, жеңіл салмақтағы Джастин Гэтжидің UFC 313 турниріндегі жаңа қарсыласы белгілі болдqы. 

fightnews.info
fightnews.info

8-9 наурызға қараған түні Лас-Вегаста өтетін кеште Гэтжиге қарсы қазақстандық файтер Рафаэль Физиев шығады. Ол жарақат алған Дэн Хукердің орнын басады. 

Гэтжи мен Физиев арасындағы реванш

Бұл жекпе-жек қос файтер үшін таныс қарсыластықтың жалғасы болмақ. 2023 жылдың наурызында олар алғаш рет UFC 286 турнирінде кездескен еді. Кездесу жанкүйерлер мен сарапшылардың жоғары бағасын алып, кештің үздік жекпе-жегі деп танылды. Бірақ тартысты айқаста төрешілердің көпшілік шешімімен жеңіс Гэтжиге берілді.

Физиев пен Гэтжидің соңғы жекпе-жектері

Гэтжи сол жеңістен кейін екі рет октагонға шықты. Алдымен ол Дастин Порьені нокаутпен жеңсе, кейін BMF белбеуі үшін болған жекпе-жекте Макс Холлоуэйден бесінші раундтың соңғы секундына дейін созылған шайқаста нокаутпен жеңілді.

Ал Рафаэль Физиев 2023 жылдың қыркүйегінде бір ғана жекпе-жек өткізіп, Матеуш Гамротпен кездескен. Алайда екінші раундта шабуыл жасау кезінде алған тізе жарақатына байланысты жекпе-жекті жалғастыра алмады.

UFC 313: Физиевтің жеңіске деген мүмкіндігі қандай?

Қазақстандық файтер бұл кездесуге ерекше дайындықпен келмек. UFC 313 турнирінде Физиев Гэтжиден өткен жеңілістің есесін қайтаруға тырысады. Жанкүйерлердің күткен реваншы қай спортшының дайындық деңгейі жоғары екенін көрсетпек.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір