Оскар де Ла Хойя: "Канело" ол боксшыны ешқашан жеңе алмайды"

Жекпе-жек шолушысы

Екінші орта салмақтағы әлемнің бірыңғай чемпионы Сауль "Канело" Альварестің бұрынғы промоутері Оскар Де ла Хойя мексикалық боксшыны Дмитрий Биволмен реванш өткізуден бас тартуға үндеді. 

Оскар де Ла Хойя: "Канело" ол боксшыны ешқашан жеңе алмайды"
Vesti.kz

Де ла Хойя Альварес Биволды ешқашан жеңе алмайтынына сенімді. 

"Канело" Биволды ешқашан жеңе алмайды. Бұл мүмкін емес. Бокс стилі жекпе-жектің тағдырын шешеді. Мен мексикалық боксшының жеңіске жеткенін көргім келеді, бірақ шындықты мойындау керек", – деді Де ла Хойя.

Оскар Де ла Хойя. ФОТО: fightnews.info

2022 жылдың мамырында өткен жекпе-жекте Дмитрий Бивол "Канелоны" төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген болатын.

Қазіргі таңда "Канело" мен Бивол арасындағы реванш туралы қауесеттер тарауда, алайда Де ла Хойя мұндай жекпе-жектің Альварес үшін мағынасы жоқ екенін алға тартады.