Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Қайрат Сәтжанов кіші әлем чемпионатын қорытындылап, алдағы жоспарын бөлісті

Редактор Penalty.kz
05.03.2025, 20:00

Бокстан кіші әлем чемпионаты аталып кеткен "Странджа" кубогы аяқталды. Ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов жарысты қорытындылап, алдағы дайындықтары туралы айтып берді. 

sports24.kz
sports24.kz

Маусым биыл қарқынды жүріп жатыр. Жылдың басынан бері қазақстандық спортшылар Испания мен Сербиядағы халықаралық турнирлерге қатысып, жоғары нәтижелер көрсетті. 

Ал Болгариядағы "Странджа" турнирінің финалдық кезеңіне 14 боксшы шықты. Ақтық сынның нәтижесінде Қазақстан құрамасы 5 алтын, 9 күміс, 4 қола медаль жеңіп алды. Осылайша ұлттық құрама өз рекордын жаңартып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға көтерілді. Бұған дейін 2022 жылы өткен "Странджа" турнирінде отандастарымыз 2 алтын, 2 күміс, 5 қола медаль алған. Бұл туралы olympic.kz жазды. 

Бас бапкер Қайрат Сәтжанов қазақстандық боксшылардың өнеріне баға берді

Жарыс жоғары деңгейде өтті. Аталмыш турнирге Олимпиада жеңімпаздары, Азия чемпионатының жүлдегерлері, сонымен қатар Еуропа чемпионатының жеңімпаздары қатысты. Дей тұрғанмен біздің жігіттер өз бабында болды. Жарыста керемет өнер көрсетті.

63,5 келіде қос қазақстандық боксшы жолықты. Яғни, Мұхаммедсабыр Базарбайұлы мен Ертуған Зейнуллинов. Екі спортшы да жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсете білді. Алайда Ертуған Зейнуллинов өзінің ширақ екенін тағы бір рет дәлелдеді. 

Өз кезегінде Төрехан Сабырхан 67 келі салмақта техника жағынан жоғары деңгейдегі бокс үлгісін көрсетті. Қазақстандық спортшы финалға дейін жетіп, ақтық сында әзірбайжандық Заур Гахрамановпен кездесті. Нәтижесінде Төрехан айқын басымдықпен жеңіске жетті. Бұл Төреханның ересектер арасындағы алғашқы жарысы болды. Соған қарамастан, 18 жастағы жігіт алтын медальді жеңіп алып, турнирдің "Ең үздік боксшысы" атағын иеленді.

71 келі салмақта тағы да қос қазақстандық боксшы қолғап түйістірді. Яғни, Абылайхан Жүсіпов пен Фарух Тоқтасынов өзара мықтыны анықтады. Үш раундтың қорытындысы бойынша Абылайхан алтыннан алқа тақса, Фарух күміс медаль иеленді.

Ал Тимур Нұрсейітов 75 келі салмақтың финалдық бәсекесінде Сабыржан Аққалықовпен кездесуі керек еді.  Алайда Тимур жарақатына байланысты шаршы алаңға шықпай қалды. Сәйкесінше Сабыржан турнирдің жеңімпазы атанды. Алайда Тимур Нұрсейітов те турнир барысында осалдық танытқан жоқ. Спортшы жартылай финалда 2024 жылғы Азия чемпионатының жеңімпазы Жавохир Умматалиевті жеңді.

86 келі салмақта Бекзат Нұрдәулетов турнирдің алтын жүлдегері атанды. Бекзат финалда Нұрбек Оралбаймен кездесуі керек болған, алайда 2024 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері шаршы алаңға шықпады.

Айта кететін жайт, 51 келі салмақ дәрежесінде Даниал Сәбит финалға шығып, түркиялық Самет Гумушпен кездескен болатын. Қазақстандық үш раундтың қорытындысы бойынша қарсыласынан басым түскен еді, алайда төрешілер жеңісті түркиялық спортшыға сыйлады. Сондай-ақ дәл осындай жағдай 60 келі салмақта да қайталанды деп ойлаймын. Серік Теміржанов жергілікті болгар боксшысы Радослав Росеновпен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық күміс жүлдеге ие болды.

Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырханның жарақаты туралы

Санжар Тәшкенбай мен Махмұд Сабырхан алтын медальға қол жеткізе алар еді. Бірақ 48 келі салмақта өнер көрсететін Санжар өзінің бірінші жекпе-жегінде саусағын шығарып алғанына байланысты жарысты жалғастыра алмады. Жарысқа бір күн қалған кезде Махмұд Сабырхан тағамдық инфекцияға байланысты жекпе-жекке шыға алмады. Дәрігерлердің айтуынша, спортшының жүрегі айнып, қызуы көтерілген. Нәтижесінде 3 наурызға дейін спортпен шұғылдануға болмайды деген анықтама берді.

Одан бөлек, 92 келі салмақ дәрежесінде Сағындық Тоғамбай дайындық барысында саусағын сындырып алған болатын. Сондықтан ол жарысқа қатыса алмады.

Алдағы жоспарлар туралы 

20 наурыздан бастап Ресейдің Кисловодск қаласында біріккен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Бұл жиынға Ресейдің, Өзбекстанның, Әзірбайжанның, Беларусьтың 1-2 нөмірлі боксшылары қатысады. Бір құрамамыз Бразилияда өтетін Әлем кубогына аттанады. Одан бөлек тағы бір құрамамыз Әзірбайжан мен Грузияда оқу-жаттығу жиынын өткізеді. Кейіннен 10-16 сәуір аралығында "Жібек жолы" атты ірі халықаралық турнирде өнер көрсетеді. Сондай-ақ 13-27 наурыз аралығында Жапония мен Корея мемлекеттерінің қатысуымен жаттығу жиыны өтеді. Ал Ресейде дайындалып жатқан спортшылар Хабаровскіде өтетін жарысқа қатысады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір