Қазақстандық үш боксшы кәсіпқойлар арасындағы әлем чемпионатына шақырту алды
Қазақстандық кәсіпқой боксшылар WBC және Турки Аль аш-Шейх ұйымдастыратын алғашқы Гран-при турниріне қатысады.
sportarena.kz
Adal Promotions промоутерлік компаниясының мәліметінше, бұл беделді жарысқа Қазақстан атынан Жолдас Жеңісов (7-0, 3 KO), Нұрқанат Раиыс (1-0, 0 KO) және Санатәлі Төлтаев (2-0, 1 KO) қатысады. Олардың алғашқы қарсыластары әлі ресми түрде жарияланған жоқ.
WBC және Riyadh Season Гран-приі туралы
Бұл бірегей турнир төрт салмақ дәрежесі бойынша өтеді. Жалпы 41 елден 128 кәсіпқой боксшы бақ сынайды. Сауд Арабиясында өтетін турнир бес бокс кешіне бөлінеді.
Гран-при ережесіне сәйкес жекпе-жектерде тең нәтиже болмайды – әр кездесуде бір ғана жеңімпаз анықталады.
Гран-при турнирінің болжамды кестесі
- Сәуір – 1/16 финал (64 жекпе-жек)
- Маусым – 1/8 финал (32 жекпе-жек)
- Тамыз – 1/4 финал (16 жекпе-жек)
- Қазан – Жартылай финал (8 жекпе-жек)
- Желтоқсан – Финалдық жекпе-жектер (4 кездесу)
Гран-при жүлде қоры: Әр кезеңде қанша төленеді?
- 1/16 финал – Жеңімпазға 15 000$, жеңілген боксшыға 7 500$
- 1/8 финал – Жеңімпазға 20 000$, жеңілген боксшыға 10 000$
- 1/4 финал – Жеңімпазға 35 000$, жеңілген боксшыға 15 000$
- Жартылай финал – Жеңімпазға 50 000$, жеңілген боксшыға 25 000$
- Финал – Чемпионға 100 000$
Ең мықты спортшылар жыл соңына дейін 220 000 доллар (шамамен 110 миллион теңге) көлемінде табыс таба алады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet