Қазақстандық боксшы Зиданмен қолғап түйістірді
Қазақстандық жас боксшы Алдияр Баһадүр халықаралық "Адриатика маржаны" турнирінің финалдық айқасында өнер көрсетті.
BaigeNews.kz
Алдияр Баһадүр 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын жүлде үшін әзербайжандық Зидан Хюмбетовпен жекпе-жек өткізді. Тартысты айқас төрешілердің шешімі бойынша (1:4) жеңіс Хюмбетовке берілді. Осылайша ол жастар арасындағы әлем кубогының жеңімпазы атанды.
Алдияр Баһадүр жарысты күміс жүлдегер мәртебесінде аяқтады. Сонымен қатар бүгін Қазақстан құрамасының тағы бірнеше боксшысы финалдық кездесулерге шығады:
- Нығман Нығмет (57 кг)
- Жасұлан Бердалы (75 кг)
- Игорь Соловьев (75 кг)
- Санжар Сейтқамыт (92 кг)
- Бексұлтан Қайратұлы (92+ кг)
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet