ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан Өзбекстанды жеңді (ВИДЕО)

Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы бокстан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының мүшесі Елдана Тәліпова алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. 

Бокстан әлем чемпионатында Қазақстан Өзбекстанды жеңді (ВИДЕО)
Instagram/@qaz_team_official

81 кг жоғары салмақта өнер көрсеткен Елдана 1/8 финалда өзбекстандық Олтиной Сотимбоевамен қолғап түйістірді. Тартысты өткен кездесуде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен 4:1 есебімен жеңді. 

Осылайша Тәліпова әлем чемпионатының ширек финалына шығып, медаль үшін күресін жалғастырады. Ал оның қарсыласы турнирді ерте аяқтауға мәжбүр болды.

Айта кетейік, Елдана Тәліпова Азия чемпионы атағына ие. Ол 2024 жылдың желтоқсанында Таиландтың Чиангмай қаласында өткен құрлықтық біріншілікте Олтинай Сотимбоевадан басым түсіп, алтын медаль жеңіп алған еді. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.