ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Ағайынды Сабырхандар кәсіпқой бокста дебют жасайды

Қазақстан ұлттық құрамасының боксшылары, ағайынды Махмұд және Торехан Сабырхан 5 сәуір күні кәсіпқой рингте алғашқы жекпе-жектерін өткізеді.

Ағайынды Сабырхандар кәсіпқой бокста дебют жасайды
sports24.kz

Астанадағы "Батырлар шайқасы" турнирі аясында өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде орта салмақтағы WBO және IBF белбеулерінің иегері Жәнібек Әлімханұлы француз боксшысы Анауэль Нгамиссенгемен қолғап түйістіреді.

Әзірге ағайынды Сабырхандардың қарсыластары ресми түрде жарияланған жоқ.

Махмұд пен Торехан Сабырхан өздерінің Instagram парақшаларында жекпе-жек кешінің афишасын жариялап, жанкүйерлерін қолдау білдіруге үндейді. 

Айта кетейік, 5 сәуірдегі бокс кешінде жанкүйерлер Батыр Жүкембаев, Сұлтан Зауырбек, Баходир Джалолов сынды танымал боксшылардың да өнерін тамашалай алады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.