
Өзбекстандық жеңілмеген суперауыр салмақтағы кәсіпқой боксшы Баходир Джалолов (14-0, 14 KO) 2023 жылдан бері алғашқы жекпе-жегіне қарқынды дайындалуда. Спорттық ақпарат көздері оның Қазақстанда өтетін жекпе-жек алдындағы ерекше жаттығуларын назарға алды.
Джалолов өзінің Instagram парақшасында Өзбекстан ұлттық құрамасымен бірге жаттығу барысынан видео бөлісті. Бұл кадрларда боксшылардың дайындығы өте қатаң әдістермен жүргізіліп жатқаны байқалады.
Мысалы тауға жүгіру кезінде Баходир өз серіктесін қолына көтеріп алып, жүгіруге мәжбүр болды. Ал оның бапкері Тулкин Киличев шәкірттерін қамшымен ынталандырып отырды.
"Бәрі жақсы. Біз жекпе-жекке толық дайын боламыз", — деп жазды" Үлкен өзбек" бейнежазба астында.
Баходир Джалоловтың келесі жекпе-жегі 5 сәуірде Астанада өтеді. Бұл бокс кешінде қазақстандық әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы мен Анауэль Нгамиссенге рингке шығады.Әзірге екі дүркін Олимпиада чемпионы Джалоловтың қарсыласы ресми түрде жарияланған жоқ.