Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Алуа Балқыбекова қарсыласын тас-талқан жеңді

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық боксшы Алуа Балқыбекова Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалға шықты.

Алуа Балқыбекова қарсыласын тас-талқан жеңді
olympic.kz

Алуа Балқыбекова 1/4 финалда түркиялық Айсен Ташкинмен кездесіп, жекпе-жек төрешілердің бірауызды шешімімен аяқталды. Қазақстандық спортшы қарсыласынан басым түсіп, 5:0 есебімен айқын жеңіске жетті.

Осыған дейін 1/8 финал кезеңінде Алуа Балқыбекова 2023 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, сондай-ақ Африканың үш дүркін чемпионы (2017, 2023, 2024) марокколық Ясмин Мутакиді айқын басымдықпен жеңген еді. 

Қазақстандық боксшы әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері (2022 – күміс, 2023 – қола) және Азияның екі дүркін чемпионы (2021, 2022) атағына ие.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір