9 жылдан кейінгі финал: Назым Қызайбай "алтынға" таласады (ВИДЕО)
Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында ең атақты спортшымыздың бірі - 48 келідегі Назым Қызайбай финалға жолдама алды.
Солтүстік Кореяның спортшысы Хонг Кионг Рионгпен кездескен жерлесіміз жекпе-жекті өте сауатты өткізе білді. Соққы алмасу, қорғаныста пен шабуыл жасау барысында да Назым нәтижелі қимылдап, төрешілер шешімі бойынша 4:1 есебімен басым түсті.
Бұған дейін Назым 2014 және 2016 жылдары да финалға шығып, чемпион атанды.
Бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Виктория Графеева да финалға шыққан болатын.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.