ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстанның басты үміті "алтынсыз" қалды (ВИДЕО)

Қазақстандық боксшы Виктория Графеева Сербияның Ниш қаласында өткен әйелдер арасындағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті. 

Қазақстанның басты үміті "алтынсыз" қалды (ВИДЕО)
Instagram/@qaz_team_official

Финалда тартысты айқас өтті

60 келіге дейінгі салмақтағы шешуші жекпе-жекте Графеева ресейлік Нуне Асатрянмен қолғап түйістірді. Өкінішке қарай қазақстандық спортшы 0:5 есебімен қарсыласына жол беріп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Графеева – Қазақстан боксының болашағы

Бұған дейін Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Виктория Графееваны Қазақстан құрамасындағы ең перспективалы боксшы деп атаған болатын. Ол қазірдің өзінде Азия чемпионы мәртебесіне ие.

Нуне Асатрян – әлем чемпионы атанды

Графееваның қарсыласы Нуне Асатрян бұл жеңісі арқылы әлем чемпионы атағын иеленді. Айта кетейік, Асатрян 2024 жылы Еуропа чемпионатының күміс жүлдегері болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.